Ресейде соғыстан оралған екі адам көшеде автоматтан оқ атқан

Соғыс басталғалы Ресейде қарумен байланысты қылмыс көбейген


10/03/2023
12:27 20353 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Ресейдің Приморье аймағына қарасты Дальногрск қаласында соғысқан оралған екі адам көшеде автоматтан оқ атып, халықты қорқытқан. Ғаламторда тараған видеода екі адамның бірінің автомат ұстап тұрғаны, екіншісінің оны видеоға түсіріп жатқаны көрсетілген. Бейнеролик соңында оларды полиция ұстап алып кетеді. 

 

Жергілікті БАҚ мәліметінше, жақында Украинадағы соғыстан оралған екі адам мас болған, олар халықты қорқытпақ болып аспанға оқ атқан. 

 

Соңғы уақыттары Ресейде соғыстан оралған адамдардың заң бұзуы жиілеген. Осы аптаның басында Мәскеу облысының Домодедова қаласында мобилизациядан қашып кеткен адам мас күйінде «граната жарамын» деп қоқан-лоқы жасаған. Бұдан бұрын, Воронежде екі әскери қызметкер «дәмхананы жарып жібереміз» деп сес көрсеткен. 

 

Ресей ІІМ мәліметінше, былтыр қару-жарақ пен оқ-дәрі ұстауға қатысы бар қылмыстар саны 30% пайызға өскен. Бұндай қылмыстар Украинамен шектесетін Курск, Белгород облыстарында көп тіркелген. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

10/03/2023 12:27
20353 0

Уведомление